жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 23.11.2023 18:50

Алматы облысында мектеп оқушысы бірнеше адамның өмірін сақтап қалды

Алматы облысында оқушы бірнеше адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Egemen.kz-ке сілтеп. 

Іле ауданында № 215 автобусының жүргізушісі өзін нашар сезініп, денсаулығы сыр берген. Бұл жағдайды байқаған 8 сынып оқушысы қоғамдық көлікті дер кезінде тоқтатып, апаттың алдын алды.

Автобус жүргізушісінің талмасы ұстап қалған. Ал оқиға куәгерлері оқушы лезде әрекет етпесе, үлкен апаттың орын алып, автобус жақын маңдағы ғимаратқа соғылатынын айтады.

Бүтін бір автобустағы жолаушыларды аман алып қалған батыр - Ақжол. Жасөспірім 24 лицейдің 8 «Е» сыныбында оқиды.