жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 35 23.11.2023 19:16

Ырысбала Икрамбайдың атын жамылып жалған байқау ұйымдастырғандар бар

Блогер Ырысбала Икрамбайдың атын жамылып конкурс ұйымдастырып жүргендер бар, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қайырымдылықпен айналысатын блогер Ырысбаланың атын жамылып, жалған байқау ұйымдастырғандар табылуда. 

“Бір күн ешкіммен ұрыспай, “он күнәнің тоғызы тілден” деген нақыл сөзді ескеріп, үндемей жүрейікші десек те мүмкіндік бермейді. “Конкурстан 100 мың теңге ұтып алдыңыз, 5000 теңге аударсаңыз, ұтысыңызды салып жібереміз” деп жалған конкурс жасап жатқан мектеп оқушысын тауып алдым. Шардара ауданы Көксу деген ауылдың тұрғыны екен. 2007 жылы туған, әлі мектепте оқиды. Адамның атын жамылып, менің абыройыма нұқсан келтірді. 5000 теңгесінен айырылған адам мені қарғайды. Мектеп оқушысының аты-жөні мен үйінің мекенжайы қолымда тұр. Бір-екі күнде Шардараға жолым түсіп тұр еді, істі аяғына дейін жеткіземін. Басқаларға сабақ болсын”, – дейді блогер.