жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 24.11.2023 13:46

Қамауға алынған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тергеудің қалай жүріп жатқаны белгілі болды

Нигерияда қамауға алынған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Нигерияда қазақстандық азаматша Ақжарқын Тұрлыбай бірнеше жыл бұрын қамауға алынған болатын. Алайда күдікті әлі Қазақстанға экстрадицияланбауда. 

«Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортун Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеліп жатыр, сол себепті іс өте ауқымды»,—делінген хабарламада.

Бас прокуратура дипломатиялық арналар арқылы күдіктіні экстрадициялау туралы өтініш Нигерияның құзырлы органдарына жіберілгенін мәлімдеді.