жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 21 24.11.2023 14:11

Шымкентте 40 жастағы тұрғын 3-қабаттан бүлдіршінді лақтырып жіберген

Шымкентте 40 жастағы тұрғын 3-қабаттан бүлдіршінді лақтырып жіберген, деп  хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы жергілікті Оtyrar.kz порталы хабарлады. 

Оқиға қаланың орталығы болып саналған Иляев көшесіндегі бір үйде болған. Оқиғаның куәгері болған көршілері баланы терезеден лақтырған әйел оның туысы екенін айтады.

40 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығында есепте тұратыны айтылуда. Жантүршігерлік оқиғадан кейін әйелдің психиатриялық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

Ал баланың жағдайы қазір ауыр.