жексенбі, 8 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 11 24.11.2023 15:55

Нұралы Әліптің өкілдері қауесетке ресми жауап берді

Player Career Management агенттігі «Манчестер Юнайтед» футболшысы Нұралы Әліпке қызығушылық танытқаны туралы қауесеттер тарауда, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Нұралы Әліп «Манчестер Юнайтедтің» қызығушылығында болған ойыншының бірі екені айтылды. Ағылшын клубының скауттары Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Словения - Қазақстан матчына 23 жастағы ойыншының ойынын көру үшін келеді деген жаңалықтар жарияланған еді.

«Агенттікке ешкім хабарласқан жоқ, қалғаны авторлардың өз еркінде. Ойыншы «Зенитке» тиесілі және қазіргі уақытта клубтың чемпиондықта жеңіске жетуіне көмектесуде», - деді агенттік өкілі.