жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 36 25.11.2023 11:58

Астанада 21 жастағы ер адам оқушының телефонын тартып алған

Ашық дереккөзден

Астанада мектеп оқушысының телефонын тартып алған ер адам ұсталды,деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана тұрғыны қызының телефонын белгісіз ер адамның тартып алғанын айтқан.Арыз түскеннен соң, құны 90 мың теңгелік Redmi Note-8 ұялы телефонын дереу іздестіру жұмыстары жүргізілген.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 21 жасар қала тұрғынын қолға түсірген.