сейсенбі, 8 қазан 2024
Жаңалықтар 30 25.11.2023 12:40

Атырауда полиция қызметкерлері қылмысты ашу кезінде азаматты ұрып-соққан

Атырау қаласында полиция қызметкерлері бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

№2 сотында азаптау және азаптауға жәрдемдесу айыбымен 5 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық ісі қаралды. Үш полиция қызметкері қылмысты ашу және полиция бөліміне жеткізілген азаматтан мойындау айғақтарын алу кезінде оны ұрып-соғу және тұншықтыру арқылы жәбірленушіге тән азабын келтіргені анықталды. 

Сот күдіктілерді "кінәлі" деп танып, оларға құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып,  3 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.