жексенбі, 8 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 26 25.11.2023 17:45

Такси жүргізушісі шетелдік азаматтан жолақысы ретінде 45 мың теңге алған

Астанада такси жүргізушісі шетелдік қонақтан 45 мың теңге алған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Үндістандық азамат әуежайдан Астанадағы қонақ үйге жету үшін таксиге 45 мың теңге төлеген.  

“Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция департаментінің көліктегі қызметкерлері елорданың таксопарктерінің бірінің жүргізушісін ұстады, ол шетелдікті адлдап, халықаралық әуежайдан қонақ үйге бару бағасын әдейі көтерді”, – делінген полиция хабарламасында.