жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 25.11.2023 17:55

Қарағандыда жол апаты болып, екі адам қаза тапты

Қарағандыда жол апаты орын алып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы аумағында жол апаты болды. 25 қараша күні таңғы 08:50 шамасында Қарағанды-Қарқаралы тас жолында Lada Vesta автокөлігімен Mercedes Benz автокөліктерінің қатысуымен болды.

Салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі және оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. 30 жастағы Lada автокөлігінің жүргізушісі және оның 51 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған.