жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 75 25.11.2023 18:3

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы айтты

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың ата-анасына берген уәдесін еске алды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеп.

Гүлзира Айдарбекова "MOM’skий әңгіме" бағдарламасында Жұлдыз Әбдікәрімованың ата-анасына оны жұлдыз ететінін айтты.

"Жұлдыздың әке-шешесіне, достарына дастарқан басында "Алла қаласа, Жұлдыз етегін жинап, балалары өссін. Қайраттың Жұлдызы емес, Жұлдыздың өзін жұлдыз етем" деп уәде еттім. Жұлдызға да "Сенің суретің көшеде ілініп тұрады. Ең сұлу келіншек деген атаққа ие боласың" дедім. Бастаймын деп уәде бергеннен кейін осы киноны Жұлдызға түсірттім. Жаман болған жоқ. Сол күннен бастап Жұлдыздың атағы аспандады", - деді Гүлзира Айдарбекова.