жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 26.11.2023 12:27

Футбол федерациясының президенті Магомед Адиевке көлік сыйлады

Фото: Магомед Адиев

ҚР Футбол федерациясы Ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевке автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ұлттық құрама Словения спортшыларымен қарсы ойында жеңіліп, құрлықтық турнирге тікелей жолдама алмаған болатын. Бірақ ҚФФ президенті бас бапкерге көліктің кілтін сыйлады. Бұл туралы бас бапкер Адиев инстаграм парақшасында жазды.

"Мен бұл сыйлыққа лайықсыз деп санаймын, өйткені менің ойымша, жаттықтырушы және команда ретінде біз жанкүйерлер алдында қалаған нәтижеге қол жеткізе алмадық. Мен және менің әріптестерім мақсатымызға жету және футболдан Еуропа чемпионатына қатысу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз көп жұмыс күтіп тұрғанын түсінеміз. Мен бұл сыйлықты қатты бағалаймын және бұл Мен үшін мотивацияның қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар біздің еліміз бен оның халқы алдындағы міндетімізді еске салады. Бізге сенгеніңіз және қолдағаныңыз үшін барлығыңызға рахмет!", - деп жазды Магомед Адиев.