жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 13 26.11.2023 15:44

Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, үш бала қайтыс болды

Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, үш  бала қаза тапты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев ауылында үй өртеніп, үш кішкентай бала көз жұмды. 

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 2 жасар ұл мен 6 жастағы қыз баланың мәйітін алып шықты. Кейін үйінді астынан тағы 1 баланың мәйіті табылған. Өртенген үйде болғандардың ішінде тек 6 айлық сәби аман қалған. 

Әзірге құзырлы орган тарапынан өзге мәліметтер тараған жоқ.