жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 169 26.11.2023 16:20

Әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейін жағдайы туралы айтты

Ерке Есмахан екінші рет босанғаннан кейін денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ерке Есмахан жақында босанып, ана атанды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайы туралы айтты.

"Қазір бақытты сәттер мен ерекше сезімдерді бастан өткізіп жатырмыз. Әрине тәтті күндер мен ұйқысыз түндер де қалыс қалар емес. Әсіресе түнде әкесі екеуміздің жағдайымыз мәз емес болайын деп тұр. 

Әзірге перзентханадамыз. Жағдайымыз Аллаға шүкір керемет. Бұйыртса 1-2 күнде үйге қайтамыз", - деп жазды әнші .