жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 27.11.2023 13:23

Jah Khalib-тің концертінде жаппай тәртіпсіздік орын алды

Ташкентте Jah Khalib-тің концертінде жаппай тәртіпсіздік орын алды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әлемге танымал қазақстандық әнші Jah Khalib-тің концерті Өзбекстанның астанасы Ташкентте өтті. Концерт өткен жер «Хумо Арена» кешені. Оның жанында халық төбелесіп, тәртіпсіздіктер орын алды.

Ең өкініштісі билет алған мыңнан астам азамат бұрын көрсетілген билетті қайта көрсеткендіктен концертке кіре алмаған. Осы тұста билеттердің бірнеше рет сатылғанын байқауға болады.

Ұлттық ұланның Ташкент қалалық департаментінің мәліметінше, залға кіре берісте тәртіпсіздіктер де орын алған.

«Осында қызмет ететін Ұлттық ұлан қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдікті азаматтар оқиға орнынан қауіпсіз аймаққа шығарылып, болуы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алдын алды. Тәртіпсіздікке қатысты тергеу және зерттеу жүргізілуде... Ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген ведомствоның 26 ​​қарашаға қараған түні жарияланған алғашқы хабарламасында.