жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 27 27.11.2023 14:59

Айжұлдыз Адайбекова өз біліміне 30 миллион теңге жұмсағанын айтты

Әнші Жанар Айжанованың қызы, танымал дизайнер Айжұлдыз Адайбекова өз біліміне бірнеше миллион жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Өнер иесі бір курсына 30 млн теңге жұмсаған.Ол бұл туралы "Қызық Times" бағдарламасында кеңңінен айтып берді.

 "Мен өте көп оқимын, ізденемін. Соңғы рет біліміме 30 млн теңге жұмсадым. Біреуге бренд сөмкелер, қымбат киімдер керек шығар. Бірақ мен үшін ол түк емес. Маған үстімдегі киімнің бренд болуы маңызды емес. Маған бәрібір. Адам білім ізденуден шаршамау керек, талпыну керек. Бұл өте маңызды. Себебі білімі бар адам жерде қалмайды. Өзің сапалы білім алған сайын, саған сондай орта келеді. Сондай ортамен өскен анағұрлым тез болады. Ондай адамдарда атақ, байлық бәрі екінші орында. Ол өзі-ақ келеді. Бұл өмір қиын емес. Шектеумен қиындататын өзіміз. Мен коуч ретінде курстар сатамын. Дизайнерлік бойынша да курстар жүргізіп, жақсы ақша таптым. Жалпы ойымдағы заттарды үндемей жасап жүрген адаммын ғой", - деді Адайбекова.