жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 72 27.11.2023 15:8

Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековті еске алып, жазба жариялады

Әнші Мақпал Жүнісова "Дос-Мұқасан" тобының солисі, марқұм Ақжол Мейірбековті еске алды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы  Bugin.kz-ке сілтеп.

Ол өзінің парақшасына әсерлі жазба жариялаған.

"Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған, иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз, қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді, қазақ әншісі ретінде де өз тыңдармандарының алғысын алды, үш жылдан бері Құдалар болып талай бас қосып сыйластығымыз жарасымды еді, отбасыңыз жақсы болды, Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз, үй салып, ағаш ектіңіз. Артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін, иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын", - деп жазған ол.