жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 27.11.2023 16:29

Абай облысында құлдықта болған адам құтқарылды

Қазақстанның екі өңірінде адамды құлдыққа жегу фактілері тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов ресми хабарлады.

Оның айтуынша, Абай облысында полицияға бір азаматтан арыз түскен. Абай облысының тұрғыны 1973 жылы туған, психикалық ауытқуы бар ағасының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтады.  Кейіннен құзырлы орган тергеп-тексеру жұмыстарынан кейін жоғалған азаматты тапқан. Оны бәз біреулер Семейден алып шығып, 200 шақырым жердегі шаруа қожалықта еңбекке салғаны анықталып отыр.

Оны үш апта бойы еркінен тыс ұстаған және үй шаруасына жеккен. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша тіркелді. Зардап шеккен адам туысқандарына қайтарылды, - деді департамент бастығы.