жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 156 27.11.2023 16:46

Батыс Қазақстанда өз қызын жезөкшелікке салған әйел ұсталды

Фото: azattyq-ruhy.kz

Батыс Қазақстанда кәмелетке толмаған қызын жезөкшелікке салған әйел ұсталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

17 жастағы қызын жезөкшелікке салған әйел қолға түсті. Ол туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері брифинг барысында мәлімдеді.

17 жастағы бойжеткенді өз анасы заңсыз әрекетке итермелеп, жезөкшелікке салған. Үш ай бойы ол қызын жалдамалы пәтерлерде түрлі ер адамдарға апарып, ойын іске асырған.

Ол өз қызын жарнамалап, әлеуметтік желіде ер адамдарды тартып отырған.

Заңсыз ойын жүзеге асырған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.