жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 27.11.2023 17:34

Шымкентте өз баласын сатпақ болған көкек ана ұсталды

Шымкенттік әйел өз сәбиін сатпақ болған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Шымкентте баласын сатпақ болған әйелдің әрекетін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері анықтаған.

23 жастағы әйелдің баласына сатып алушылар іздеп, делдал арқылы өзге өңірдің 45 жастағы тұрғынын тауып, кейіннен екі жақты келісім жасауға келіскен.

Қазір көкек анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, ал сәби балалар үйіне орналастырылды.