жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 21 28.11.2023 11:57

Айгүл Қосанова үйіндегі ең ескі заттарын көрсетті

Талайды даусымен тәнті еткен дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова алғаш рет отбасын көпке көрсетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші "Жұлдызды шаңырақ" бағдарламасында өз отбасын және үйін көрсетті.

Отбасы құрғандағы қызықтарымен бөлісіп, той көйлегінің жырын айтты.

“Екі көйлектің сандықта жатқанына 25 жыл толады. Сол кездегі ең қымбат көйлек болатын. 1000 АҚШ долларын төлеп, жолдасым алып берген. Қыз күнімде белім өте жіңішке болған. Көп көйлекті киіп көргеніммен, белі жараспады. Осы көйлек тура келіп, әрі сәнді көрінгенсін алдым. Еш жері бүлінбей сақталды. Қазіргі талғаммен ойласам, алмауым да мүмкін еді. Бірақ сол кезде өзімді ханшайым сезінгенім есімде. Атлас матасы қай уақытта да тозбайды екен. Біз үйленген күні қатты жаңбыр жауып, қар жауды. Ауа райына қарамай, Әлия мен Мәншүктің ескерткішіне барып, фотоға түскенім бар. Наурыз айы болатын, ақ көйлегімнің етегі бүлініп, оны жуып әуреге түскенбіз. Ұзату көйлегім де сол күйі тұр. Ол кезде тіктіру дегенді білмедік, сатып алдық. Үйімдегі ең ескі екі зат осылар”, – деп күлді әнші.