жұма, 18 қазан 2024
Білім 27 28.11.2023 12:53

Мектеп асханасына ұлттық тағамдар мәзірі енгізілмек

Қазақстанда мектептердің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізуді жоспарлануда, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева өңірлерде шығарылған отандық өнімдерді пайдаланып, мектеп тамақтануына ұлттық тағамдарды енгізуді жоспарлап отырғанын айтты. 

“Әрбір мектеп оқушылардың “салауатты өмір салтын ұстанатын мектебіне” айналуы тиіс. Мектептің кез-келген қызметі сауықтыру-педагогикалық бағытта болады. “Ұлттық мектеп асханасы” жобасы ұлттық тағам мәдениетін қалыптастыруға және мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағамды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл көп ғасырлық дәстүр бойынша жасалған мәзір, ежелден келе жатқан тәжірибенің нәтижесі”, – деді Наталья Жұмаділдаева.