сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 12 28.11.2023 13:24

Шығыс Қазақстанда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

Фото: Ашық дереккөзден

Өскемен қаласында автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол жол үстіндегі алған жарақатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 28 қарашада сағат 6:00 шамасында Абай даңғылында болған.

«Гаванский көпірі» аялдамасы маңында жол-көлік оқиғасы болды. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады облыстық Полиция Департаменті.