сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 28.11.2023 13:52

Канадаға жұмысқа тұруды ойлаған астаналық тұрғын алаяққа алданған

Канадаға жұмысқа бармақ болған тұрғын алаяққа алданып қалған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Канадаға жұмыс орналасуды ойлаған азамат алаяққа алданған. 

Астана қаласы полиция департаменті алаяқтық жасауға қатысы бар деп күдікке ілінген 59 жастағы қала тұрғыны анықталған.

Ересек әйел Канадаға жұмысқа орналастырамын деген сылтауымен елорданың 24 жастағы тұрғынының ақшасын иемденген екен.

Ол өз қызметі үшін жас жігіттен алдын ала 203 мың теңге алған.

Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.