сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 56 28.11.2023 14:35

Әнші Өмірқұл Айниязов келініне қанша қалың мал бергенін айтты

Фото: Ашық дереккөзден

Танымал әнші Өмірқұл Айниязов келініне қанша қалың мал бергенін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші тамыз айында ұлын үйлендіріп, келінді болған еді. Ол тойдың қызықтарымен арнайы бағдарламада бөлісті.

 "Шығыс жақ орамал тақпайтыны болмаса, қалыңмалын да сұрамайды екен. Ол жағы жақсы екен. Бірақ біз елден қалмайық деп, халық қазір не беріп жатыр, соны бердік. Ырымын да, бәрін жасадық. Бізде Қызылордада оған қатты қарайды. "Өмірқұл келініне ештеңе апармапты" деп өзіміздің де адамдар айтуы мүмкін. Нұртас (Айдарбеков - ред.) сияқты бердім деп айтпай-ақ қояйын. Сол әкесінің жағалы киімі бар, анасы мен қызының гауһартасты бұйымдары бар. Соның барлығын қосқанда он мың доллар болмаса да, соған жақындап қалды", - деді өнер иесі.