сенбі, 21 қыркүйек 2024
2 28.11.2023 15:25

LRT жобасын аяқтау үшін тағы миллиардтаған қаржы бөлінді

Көлік министрі Астанада құрылысы бітпей тұрған LRT жобасын жүзеге асыру үшін тағы миллиардтаған қаржы керектігін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Марат Қарабаев брифинг барысында елордадағы LRT жобасын жүзеге асыру үшін 52 млрд теңге бөлінгенін хабарлады.

“Қадалау жұмыстары 96 пайызға, тіректерді салу жұмыстары 76 пайызға, ал конструкцияларды жинау жұмыстары 82 пайызға аяқталды. Жасалғаны осы. Енді келесі жылы бюджет сомасын шамамен 45 млрд теңге деп талқылап көрмекпіз, бұл құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру үшін қажет сома. Қазір алаңда 1500 адам жұмыс істеп жатыр.

Егер жұмыс көлемі ұлғаятын болса, егер команданың қолынан келсе, құрылыс-монтаж жұмыстарын едәуір жеделдетсе, қосымша 150 млрд теңгеге дейін ақша сұраймыз”, – деді министр.