сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 32 28.11.2023 15:51

Өрбіген қызылша ауруы Қытайдан шыққаны рас па?

Денсаулық сақтау министрі елімізде өршіген қызылша ауруы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Денсаулық сақтау министрлігі қызылша ауруы Қытайдан шықты деген ақпаратты жоққа шығарды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері үкіметтегі брифингте қазақстандықтар арасында туған дүрбелеңге жауап берді. 

"Меніңше, ата-аналардың уайымдайтын дәнеңесі де жоқ – уақытылы вакцинация біздің балаларымыздың денсаулығын қорғауға ықпал етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ресми мәліметтерге сәйкес, онда жаңа да, белгісіз де патогендер табылмаған, яғни олар маусымдық сипатқа ие қарапайым, классикалық жұқпалы аурулар", – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова.

Ақ халатты абзал жанның айтуынша бүгінде бүкіл әлемдегі биологиялық жағдай шиеленісті болып қала береді екен.

"Ковидтік шектеулер болды, олардың жойылуына байланысты біз бүкіл әлемде жұқпалы аурулардың өсуін байқап отырмыз. Себебі адамдар бір-бірімен көбірек "қарым-қатынас" жасай бастады (жүру, саяхаттау - ред.ескертпесі), қоғамдық орындарда жиналу басталды және бұл вакцина салдырмаған адамдар арасында жұқпалы аурулардың көбеюіне әкелді", - деп түсіндірді дәрігер.