сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 29.11.2023 14:55

Шымкентте оқушының телефонын қолды еткен ұры ұсталды

Шымкентте мектеп оқушысын тонаған ұры ұсталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Полицияға шымкенттңк тұрғын арызбен жүгінген. Қаратау ауданының тұрғыны тонау туралы белгісіз біреу ұлының смартфонын ашық түрде алып кеткенін айтқан.

Мектептен үйіне қайтып келе жатқан 9 жасар баланың телефонын бейтаныс жігіт қоңырау шалу үшін сұрап, қашқан.

ЖБО-ның бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің алған бағыты мен жеке басы анықталды. Ол қаладағы сауда орталықтарының бірінің алдында ұсталған күдіктіден гаджет тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.