сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 29.11.2023 16:33

Дархан Сатыбалды Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болғандар туралы айтты

Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жару мақсатында арнайы жарылғыш құрылғысын қолданғандар туралы айтты, дкеп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Кепілдікті ешқашан, ешкім бере алмайды. Кім, не ойлап жүргенін ешкім білмейді ғой?! Ондай оқиға ақпан айында болды. Оны өзім де БАҚ арқылы білдім. Тәжікстанның ба, басқа елдің азаматы сондай іс-қимыл жасағысы келген деп естідім. Енді олар басқа ағымдағы азаматтар шығар. Оның көзқарасын, неге ондай шешімге келгенін білмеймін. Кейбіреулер «серік қосу, тағы басқа нәрселер» дейді. Оның не үшін барғанын айта алмаймын, – деді әкім.