сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 12 29.11.2023 17:3

50-ден аса салымшы Дәулет Мұқаевты "алаяқ" деп айыптауда

Бірнеше тұрғын депутат Дәулет Мұқаевты "алаяқ" деп танығаны айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Massaget.kz порталына сілтеме жасап.

Бірнеше тұрғын блогер "Дәулеттен" атымен танылған Дәулет Мұқаевтың жарнамасына сеніп, баспанаға қаражат салған. 50-ден аса салымшы арзан бағада пәтер аламыз деп алаяққа тап болғанын айтып, шырылдауда.

"Менің атымнан барсаңыздар 20 пайыз жеңілдік", - деген мәжілісменнің сөзіне жұрт имандай сенген.

"2022 жылы қыркүйек айында Дәулет Мұқаевтың жарнамасынан көрдік. Бағасы 300 мың, менен келген адам болса 20 пайыз жеңілдік деп айтты. Үйдің 50 пайызын төледік. Шамамен 4 миллион теңге. Әр ай сайын 300 мыңнан төлеп шамамен 7 миллион теңге ақшамызды алды. Сәуірде ақша төлеуді доғарып, тамыздың соңында келісімшартты тоқтату туралы өтініш жаздым. Депутат Мұқаевтың жарнамасын көріп сеніп едік", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Арайлым Молдабаева 

Алайда депутаттың өзі де алаяқтардың құрбаны болғанын айтады. 

"Кеңес мүшелері мәселені жан-жақты талқылады. Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша депутат Мұқаев Дәулет Төлеутайұлы ауызша және жазбаша түсініктеме берді. Жарнамаға қатысты болған жайғдайды баяндай келе, Депутат Д. Т. Мұқаев өзі де жарнама берсе жеңілдік жасалады дегеннен кейін Мах Bet PV2 ЖШС салып жатқан DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешенінен 2 бөлмелі пәтеріне салымшы ретінде тіркелгенін мәлімдеп, осы бойынша жасалған келісім-шартты көрсетті. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде депутаты тәртіптік жауапқа тарту негізсіз", - делінген хабарламада.