сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 52 30.11.2023 10:8

Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қайтыс болды

Алматыда хостелдердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

30 қарашада шыққан өрттен 13 адам қаза болды.

Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматы қаласы Ади Шәріпов көшесінде "өрт шықты" деген ақпарат түскен.

Өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келген. 1-қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жертөлесі де жанып кеткен.

Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрағаны айтылуда.

"Қабылданған шаралармен өрт 06:22-де жойылды. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адам қаза тапты, олардың жеке басы анықталуда. Көміртегі тотығымен уланған", - делінген хабарламада.

Өрт болған жерге Алматы қаласы ТЖД 46 адам және 13 бірлік техника жұмылдырылды.