сейсенбі, 2 шілде 2024
Саясат 147 30.11.2023 10:43

Назарбаев екінші отбасының бар екенін айтты

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет екінші отбасының және екі ұлының барын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

БАҚ беттерінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев “Менің өмірім” атты естеліктер кітабын жазып шыққаны айтылуда.

"Фолиант" баспасында басылған кітапта тұңғыш президент өмірінің саяси және жеке қырлары туралы шындықты жазған.

Дегенмен кітап әлі сатылымға шықпады, алғашқы нұсқалары тек саясаткерлер, сарапшылар және тек журналистертің қолында екені айтылуда.

Кітапқа алғашқылардың бірі болып қол жеткізген саясаттанушының айтуынша, бұл кітапта 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғаларға, 2019 жылғы билік транзиті, қанды Қантарға арналған жеке тараулары да бар.

Сонымен қатар, Назарбаев алғаш рет екінші отбасы бар екені, әйелі Әсел Исабаева мен екі ұлы туралы жазған.