сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 30.11.2023 11:9

Ерболат Досаев өрт шыққан хостелге келді

Фото: Әкімдіктің баспасөзінен

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев өрт шыққан хостелге келді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қала әкімі хостелден шыққан өрт туралы БАҚ өкілдеріне пікір білдірді.

Досаев жертөледе хостелдің орналасуына қатысты тергеу жүргізілетінін айтты.

"Жертөледе асхана, жүк сақтау бөлмесі, қойма орналасуы керек. Қазір бәрін тергеу анықтайды", - деді Ерболат Досаев.

Қала әкімінің айтуынша, қаза тапқандардың басым көпшілігі Қазақстан азаматтар екені айтылды.

"Әзірге бірі Өзбекстаннан, тағы бірі Саха республикасы, Ресей федерациясынан екені белгілі. Бастапқы мәлімет алдын ала болжам болған. Қазір құжаттары бойынша қарап жатыр. Қажетті шаралар қабылданады", - деді қала әкімі.