жексенбі, 8 қыркүйек 2024
Білім 16 30.11.2023 13:13

Мектеп оқушыларына сабақ үстінде телефон ұстауға тыйым салынбақ

Мектеп оқушыларына сабақ кезінде телефон пайдалануға тыйым салу ұсынылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Мәжіліс депутаты, экс-министр Асхат Аймағамбетов пікір білдірді.

Мәжілістің Telegram-дағы ресми арнасында заң жобасында сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу ұсынылған екен.

Ата-аналарға электронды жүйелер арқылы бағалар мен үй тапсырмаларын тегін қарауға мүмкіндік беру, бірінші сыныпқа тестілеусіз қабылдау, балабақшаларға орын беру бойынша бірыңғай кезек жүйесін енгізу де қарастырылып отыр.

Мұғалімдер үшін туындаған тағы бір мәселе – заңнамада оқушылардың сабақ кезінде телефон пайдалануына шектеулердің жоқтығы. Осыған байланысты жобада сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы арнайы норма қарастырылған", - деді депутат Асхат Аймағамбетов.