жексенбі, 8 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 19 30.11.2023 14:52

Қуат Хамитов спортшылардың жалақысына сын айтты

Ережесіз жекпе-жек чемпионы Қуат Хамитов футболшылар мен хоккейшілерді сынға алды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қуат Хамитов Қазақстанда футболшылар мен хоккейшілердің айлығын талқылады. Ол аталған спорттағы спортшылардың жалақысы еңбегіне лайық еместігін, көп екенін айтады.

“Неге десеңіздер, күні кеше ғана Әлем чемпионы болған тұңғыш қазақ, көк байрағымызды көтеріп, алтын медаль алып келген бауырымызға 15 мың доллар беріп, түк болмағандай шығарып салып жатырмыз. Әлем чемпионы болғаны үшін тарихи жеңіске берген сыйақыны болмайтын футбол, болмайтын хоккей клубтарда ойнайтын нәтижелері жоқ жігіттер ай сайын алып жатыр. Осы мәселені қашан қолға аламыз. Неге елімізде Олимпиада, Әлем чемпиондары, Азия чемпиондары нәтижелері жоқ жігіттерден аз ақша алуы керек? Бұл мәселені елімізде қолға алатын адам бар ма?” – деп пікірін айтты спортшы.