сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 58 30.11.2023 15:43

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев әйелін өлтірген Бишімбаевқа қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қандай бап бойынша іс қозғалғаны айтылды.

Бас прокурор орынбасарының дерегінше, Бишімбаев ісі аса қатыгездікпен кісі өлтіру бойынша тергеу жұмыстары жүруде.

Оның ағасы ма, інісі ме, айта алмаймын, туысы екені анық. Ол сол күні қасында болып, ауыр қылмыс жасалғаны туралы полицияға арызданбаған. Оның үстіне бұл қылмысты жасыруға көмектескен. Қылмыстық іс – зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша тергеу органдары сізге қосымша ақпарат береді, - деді ол.