сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 46 30.11.2023 18:51

Меруерт Түсіпбаева ұлының үйленуіне қарсы екенін айтты

Меруерт Түсіпбаева алғаш рет отбасына байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаеваның жалғыз ұлы бар. Ол перзентінің тәрбиесі жайында  “Ұйқым келмейді” бағдарламасында сөз қозғады.

“Құдайға шүкір, 22 жастағы балам бар. Немере бағатын жастамын. Бірақ өз басым баламның қазір үйленуіне қарсымын. Қазір балам жас. Мен оған өмірді көр, әлемді арала деймін. Кейбір әріптестерім секілді “мен тұрмысқа шығамын” деп айта алмаймын. Тұрмысқа шықсам да ол менің жеке шаруам деп ойлаймын. Жалғыз емеспін, мені сүйетін, мені аялайтын азамат бар. Мен ұрссам да, еркелесем де мені кешіреді. Бірақ ақ көйлек киюге менің жасым оған сәйкес келмейді. Мен 52-демін, жан дүнием де 52-де. Жеке бастың шаруасын көптің талқысына салғым келмейді. Жас айырмашылығымыз алшақ. Жалғыз емеспін”, – деп шынын айтты әнші.