жексенбі, 8 қыркүйек 2024
Білім 38 01.12.2023 10:27

Қызылжарда мектепке балта мен пышақ әкеліп, қатарластарын жарақаттаған оқушы сотталды

Қызылжарда мектепке балта мен пышақ алып келген оқушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Білім ордасына балта мен пышақ әкеліп, өзге оқушыларды қорқытқан 14 жастағы балаға 6 жыл 9 ай түрмеде отыру жазасы кесілді.

Оқиға Петропавл қаласындағы №4 мектепте таңертең сабақ басталмай тұрғанда болған болатын.

Давид Джакеладзе есімді жеткіншек бетперде киіп, екінші қабатта оқушыларды балтамен ұрып, тіпті жарақат салған . Қатарластарына қастандық жасаған оқушыны ересек балалар жабылып тоқтатты.

Оның қылмыс жасауына америкалық кинофильм түрткі болғаны анықталды.Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.