сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 16 01.12.2023 11:5

Түркістан облысында әкімдік қызметкерлеріне тергеу жұмыстары басталды

Түркістан облысының прокуратурасы әкімдік қызметкерлеріне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Облыстық прокуратура Төле би ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастады. Себебі ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иелену фактісі айтылған.

Бұл туралы облыстық прокуратура баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ауданның жер қатынастар бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдаланып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы нарық құны 326 млн теңге тұратын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдеді деген күдікке ілініп отыр.

Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген прокуратура хабарында.