сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 106 01.12.2023 14:1

Нұрсұлтан Назарбаев екінші әйелі Әселге қалай ғашық болғанын айтты

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев екінші отбасының бар екенін кітабында жазды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Тұңғыш президенттің екінші әйелі Әсел және екі ұлы – Тауман мен Байкен бар. Олар туралы алғаш рет өзінің "Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа" атты кітабында жазды,

 "Бір жолы Талдықорғанға бардым. Өңірлерге ондай сапарларда мемлекет басшысы траптан түскенде гүл шоғымен қарсы алатын. Ондай рәсімге сол өңірдің көз тартар көрікті бойжеткендерін тандайтыны белгілі ғой. Көзіміз де, көңіліміз де үйренген. Көз суарып, көңіл бітеумен тынасың. Әйтсе де сол жолғы әсерім бөлекше. Әуежайда гүл шоғын ұсынған бойжеткен аса әдемі еді. Оттай жанған жанары да, аппақ жүзі де, талшыбықтай мүсіні де көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді. Сондайда, ақын Қадырдың сөзімен айтқанда, "жүректі жетпісте де қартайтпаған, сезімді сексенде де ортайтпаған" сері Ғабеңді және де мұндай жағдайды басынан кешкен басқа да белгілі тұлғаларды қалай еске алмассың? Ұлы Гете жетпістің екеуіне келгенде он сегіз жастағы Ульрикаға ғашық болған жоқ па еді? Ульрика да ақынның сол уыз сезімін өмір бойы (ол өзі 96 жас жасапты) жүрегінің терең түкпірінде аялап, тек сол адамды сүюмен, сағынумен өткен жоқ па еді? Адамзатқа Гетенің ақырғы махаббатынан туған ғажайып ғазалдар қалды. Мұндай мысалдар жеткілікті. Өмірде де, өнерде де. Өзгелерде де, өзімізде де", - деп жазған Назарбаев өз кітабында.