сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 01.12.2023 15:22

Мемлекет басшысы ресми іс-сапармен Дубайға аттанды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Дубайға аттанды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына арнайы барды. 

Мемлекет басшысының ресми іс-сапарын Ақорда хабарлады.

Президентті БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.