сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 28 01.12.2023 15:29

Шымкентте интимдік қызмет көрсетумен айналысқан притон анықталды

Шымкенттік полицейлер үш притонды анықтап, жойды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

ҚР ІІМ мәліметінше, операция жүргізу барысында жеңгетайлықпен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстағаны белгілі болды.

31 жастағы әйел заңсыз әрекетпен айналысып, притон ұйымдастыру үшін қала аумағында 3 пәтерді ұзақ мерзімге жалға алған. Ол интимдік қызмет көрсетіп, 10 қызды алған. Оның біреуі кәмелет жасқа толмаған қыз екені белгілі болды.

Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) мен ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген мәліметте.