сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 71 01.12.2023 15:38

Хостелдегі өрттен қайтыс болған қазақстандықтардың отбасы 1 миллион теңге беріледі

Алматы әкімдігі хостелдегі өрттен қаза тапқандардың отбасына 1 миллион теңгеден бөледі, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт шықты. Қызыл жалыннан 13 адам қайтыс болды. Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаевтың айтуынша,қала әкімдігі өрттен қайтыс болған қазақстандықтардың отбасына 1 миллион теңге бермек. 

“Қала әкімінің тапсырмасы бойынша марқұм болған әрбір Қазақстан азаматына мәйіттерді тасымалдауға көмек көрсетумен қатар 1 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Бұл қаулыға қала әкімі қол қойды”, – деді Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев.