сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 16 01.12.2023 18:13

Қонаев қаласындағы казинолар өз жұмысын тоқтатады ма?

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында орналасқан казинолардың жағдайына тоқталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының аумағында 5 казино және басқа да ойын бизнесі субъектілері жұмыс істеп жатқанын айтты.

"Бұл жерлерде 7,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. 64 мың адам тұратын қала үшін бұл айтарлықтай көрсеткіш. Былтыр ойын бизнесі субъектілері 90 миллиард теңгеге жуық салық төлеген", - деді ол.