сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 154 02.12.2023 10:51

“Тамашаның” актері, сатирик Асқар Наймантаев қайтыс болды

Сатирик, актер Асқар Наймантаев қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Суыт хабарды дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали жазды. Ол:

"Асқар ағамыз бақиға аттаныпты. Қайран асыл ер… Алла алдыңнан жарылқасын", - деп жазды Facebook-тегі парақшасында.

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.

"Терісқақпай" театрының негізін салды. "Тамашаның" да актері болды.