сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 37 02.12.2023 12:45

Алматыда өртке оранған хостелдің басшысы қамауға алынды

Алматыда 13 адамға ажал құштырған хостелдің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Прокуратура Алматыдағы хостелдердің бірінде шыққан өртке қатысты қылмыстық іс қозғады. 30 қарашада өртке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылды.

"Бас прокурордың тапсырмасы бойынша қылмыстық іс арнайы прокурордың қарауына алынды.Тәжірибелі құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды", – делінген бас прокуратураның хабарламасында.

Қазір хостел басшысы ұсталды.

"Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен прокурорлар хостелді жалға алушы А.Мұхамедьяровты ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады.Тергеу шаралары аясында жатақхана жұмысына қатысы бар барлық тұлғалардың әрекеті анықталатын болады", – деп хабарлады бас прокуратура.