сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 62 02.12.2023 15:42

Түркістанда 4 жасар бала жоғалып кетті

Түркістанда 4 жасар бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Полиция жоғалған баланы іздестіріп жатыр.

1 желтоқсанда полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйге оралмағанын айтқан.

Тәртіп сақшылары жан-жақты іздестіру жұмыстарын бастап кеткен. 

Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім болған екен.

Баланы көргендер болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65,  8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666,  +77026376600,  +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне  хабарласуды сұраймыз.