сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 03.12.2023 12:19

Шымкенттік тұрғынның өлі денесі өз пәтерінен табылды

Шымкентте 28 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Otyrar.kz-ке сілтеп.

Басылымның хабарлауынша, ер адамның мүрдесін оның анасы тапқан.

Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі 1 желтоқсанда Қаратау аудандық полициясының 102 пультіне әйелдің қоңырау шалып, пәтерінен ұлының денесін тапқанын айтты.

"Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы 28 жастағы ер адамның мойын тұсынан пышақталған денесін тапты. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.