сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 98 04.12.2023 11:8

Қарағандыда дәрігерлердің салғырттығынан науқас көз жұмды

Фото: Stan.kz

Қарағандыда аурухананың бірінде науқасқа қате укол салғаннан соң мерт болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігерлер ем іздеп келген науқастың "Цеф-3" дәрісіне аллергиясы барына мән бермей, оны берген. Салдарынан науқас анафилактикалық шок алып, көз жұмды.

Ер адамға ауруханада гемморойды алып тастау үшін ота жасау керек болған.

"Мемлекеттік қызметтер порталы арқылы ағам жоспарлы түрде қаралды. Оған геморройды алып тастау үшін ота жасау керек еді. Ол дәрігерлерге Цеф-3 және новокаинге аллергиясы бар екенін айтты. Дәрігерлер қолына көк түсті жапсырма тағыпты, бұл осы препараттарға аллергиясы бар екенін көрсетеді. Бірақ медбике соған қарамастан, оған Цеф-3 уколын салды. Төрежан қызарып, тұншығып, көз жұмды", – деді марқұмның інісі Арман Мақашев.