сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 04.12.2023 14:44

18 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел Құлсарыдан табылды

Притондарды зерттеп, анықтау барысында 18 жыл бұрын "жоғалды" деп танылған әйел табылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

ІІМ республика аумағында интимдік қызмет көрсетілетін жезөкшелер үйлері, сауналар мен массаж салондарына рейд жүргізген. 

Polisia.kz ақпаратынша, рейдтік іс-шаралардың бірінші күнінде жезөкшелікпен айналысып келген 70-тен астам притон анықталып, кінәлілер бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ең сорақысы, Семей қаласында интимдік қызмет көрсеткен бойжеткен клиентінен 3 миллион теңгені ұрлап кеткені де айтылды.

18 жыл бойы із-түзсіз жоғалып кеткен түркістандық әйел Атырау облысында жүргені анықталды. Ол 16 жасында ата-анасымен жанжалдасып, 2005 жылы үйден кетіп, әр қалада қоныс ауадарып  Содан бері ол жақындарымен араласпаған әйел үйіне жеткізілді.