сенбі, 21 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 44 04.12.2023 14:49

Ақтөбеде әскери қызметкер әріптесіне оқ атып, мертіктірді

Әскери қызметкер әріптесін атып өлтірді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы департаментінің «Қиялы» шекара заставасында әскери қызметші әріптесіне оқ атып, өлтірді.

Оқиға осыдан 2 күн бұрын болған.

«Қиялы» шекара заставасында келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметші жанжал салдарынан әріптесіне оқ атқан. Оқты өзіне бекітілген қарудан атқан. Оқ тиген әскери қызметші жедел жәрдем қызметі келгенде қайтыс болды, - делінген ведомствода.